Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің актив мәжілісінде қаланың жаңа әкімі тағайындалды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шымкент қаласы активіне жаңа әкімді таныстыруға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев арнайы келді. Қырымбек Елеуұлы Президент тапсырмасымен кадрлық тағайындау жасауға арнайы келгенін, Шымкент қаласының жаңа әкімі лауазымына Ерлан Қуанышұлы Айтаханов лайық деп атап өтті.

– Мемлекет басшысының кадрлық өзгерістер бойынша тапсырмасымен арнайы келіп отырмын. ҚР Президенті Жарлығымен, Шымкент қаласы мәслихатының келісімімен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маселелер, халықты баспанамен қамтуға баса назар аударып отыр. Енді бұл тұрғыда жұмыла іске кірісуіміз керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында да бірқатар тарсырмалар бергенін білесіздер. Шымкент қаласы жаңарып, жасара беруі тиіс. Жаңа әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бар күш-жігерін салады деп сенеміз, — деді Қырымбек Елеуұлы.

 

Ерлан Қуанышұлы қаланың дамуына бар күш-жігерін жұмсайтынына салтанатты жағдайда ант берді.

 

Пікір жазу