ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев және имам орынбасарлары Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың қабылдауында болды. Кездесу барысында алдағы келе жатқан «Құрбан айт» мерекесінің келуіне орай бірқатар мәселелер жөнінде әңгіме қозғалды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызмрсеми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қала басшысы өз сөзінде қазіргі уақыттағы дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі болған және көптің назарынан тыс қалған дәстүрлі дініміздің қазақы дәстүрімізге сай болу керектігін тілге тиек етті.
– Жастар арасында дәстүрлі дінімізді насихаттауда ел арасындағы белсенді де беделді қариялардың ықпалымен, ақыл-кеңесімен жеткізу мақсатында жиі басқосулар қажет. Үлкенді сыйлаған қазақ емеспіз бе, үлкендер насихат айтса жастар да мойын бұрары сөзсіз, – деді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы.
Сонымен бірге, қала басшысы дін өкілдеріне діни саладағы туындаған өзекті мәселелері жөнінде әрдайым қолдайтындығын жеткізді.
Кездесу соңында қала әкіміне Отырар ауданында республика деңгейінде дін саласында ұйымдастырған іс-шарасы үшін ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс хатын» табыс етті.