Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұйымдастыруымен қаламыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Transparency International Kazakhstan» жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінде семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғар Серікбаев ашып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Іс-шараға «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры О.Шиян, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Г.Асылбекова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, «Zertteu Research» орталығының өкілі Ғ.Оразымбет қатысты.
Тренингтер сессия форматында өтті. Дәріскерлер тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық және қазақстандық жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар туралы сөз етті.

(Ә.Ә.)

Пікір жазу