Бүгінде, ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлерді дамыту мен қолдауға бағытталған бірнеше жобаларды ұсынып келеді. Соның бірі — «БАСТА!» білім беру жобасы. Аталған бағдарлама халық арасында үлкен сұранысқа ие. Осыған байланысты Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен жас кәсіпкерлерге арналған форум болып өтті.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі С. Жарылқасыновтың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Кәсіп ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетін 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар үшін «жас кәсіпкер» жобасы таптырмас бағдарлама болып отыр. Өйткені, кәсіпке ынталы жастарға қайтарымсыз гранттық қаржыландыру қарастырылған. Онымен қоса аталмыш жоба бойынша жас кәсіпкерлер білім ала алады.
Осындай бастамасы жастарға түсіндіру үшін ұйымдастырылған форумға елге белігілі кәсіпкелер мен спорт саңлақтары арнайы қатысты.
Аталған кездесу барысында тәжірбиелі кәсіпкерлер өздерінің жетістікке жету жолындағы қыр-сырларынмен бөлісті.
Сұрақ – жауап барысында өрбіген басқосуда жас кәсіпкерлер мен қатысушы қонақтар арасында байланыс орнады. Айта кетейік, бұл жоба арқылы жас кәсіпкерлер 15 күн бойы білім алып, бизнеске қабілеттілігін дамытады.
Еске сала кетсек, бүгінгі таңда «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша әлі де қабылдау жүріп жатыр. Оқуға қатысқысы келетін жастар Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасына немесе сол палатаның сайтына кіріп өтінім толтыруға болады.