Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Бірге. Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында сенбілік болып өтті. Оған Шымкент қаласы әкімі аппаратының 24 басқармасы мен 2 кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі С. Жарылқасыновтың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Бүкіл республика бойынша өтіп жатқан айтулы шараға бұл күні 700 – ге жуық мемлекеттік қызметкер жұмылдырылды. Олар мұндағы 59 гектар аумақты тазартып, саябақ тазалығына өз үлестерін қосты.
Бейбіт Мошқалов – А.Асқаров атындағы Шымкент дендрологиялық саябақтың директоры: Демалыс орнының қашан да таза әрі көрікті болуы шарт. Өйткені, бұл саябақ шымкенттіктер мен қала қонақтарынң ең көп келетін мекені. Сондықтан, сенбілікті ұйымдастырушылар саябақты 5 аймаққа бөліп, әрбір секторға жауапты ретінде 5 басқармадан бекітілді.
Бақыт Сейтжанарұлы – сенбілікке қатысушы: Шымкент қаласының әкімдігіне қарасты қызметкерлердің жұмылдырумен өткен сенбілікте дендрологиялық саябақтың темір жол бойлары, тұрғындардың отырып демалатын аймақтары, көлдің жағалауы толығымен қоқыстан тазартылды. Енді бұл сауапты жұмыс алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.