Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАҚЫТ – БАЛАЛАРДЫҢ КҮЛКІСІНДЕ

БАҚЫТ – БАЛАЛАРДЫҢ КҮЛКІСІНДЕ

Бақыт – балалардың күлкісінде! Арыстық 70 баланы Жетісай аудандық әкімдігі жазғы лагерьге аттандырды. Мақсат – оқушылардың уақытын тиімді пайдаланып, естен кетпес жазғы демалыс ұйымдастыру еді.

Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты оқушылардың тағы бір легі жазғы спорттық сауықтыру лагеріне аттанды. Еске салайық, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 220 оқушының 70-і Арыстық балақайлар. Олар Түлкібас ауданына қарасты Бекзат Саттарханов атындағы лагерінде демалатын болады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Тұрсынбай Мырзалиев – Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы: 2019 жылғы Жетісай аудандық  бюджетінен 20 млн теңге сонымен қатар кәсіподақтан 2,5 млн теңге қаржы қаралып, бұл қаржыға Түлкібас аудандық Машат шатқалындағы Бекзат Саттарханов атындағы лагерінде 660 баланы демалдыру жоспарланған. 4 ауысымы өтіп, Арыстық 70 баланы демалдыру көзделді.

Жетісай ауданының қаржыландыруымен ұйымдастырылған шараға Арыстық ата-аналар да дән риза. Балаларының 10 күн болса да жазғы демалысын көңілді өткізуі біз үшін қуаныш дейді олар.

Гүлнұр Әлімова  — ата-ана: Машат лагеріне бала-шағамыз кетіп бара жатыр. Аман-есен күте берейік. Бұларға сәт сапар тілеймін. Мына көмектесіп жатқан елімізге, халқымызға Жетісай ауданына алғысымыз шексіз.

Жалпы, бүгінгі таңда Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты 700-ге жуық  бар. Бұл бір аудан үшін аз көрсеткіш емес. Дегенмен,  жаңадан құрылған ауданда    оқушыларды  жазғы лагерьлерге жіберуде қиындық жоқ.

 

Пікір жазу