Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚҰРБАН АЙТ – МҰСЫЛМАН МЕРЕКЕСІ

ҚҰРБАН АЙТ – МҰСЫЛМАН МЕРЕКЕСІ

Құрбан айт мейрамы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау – заңмен қадағаланады. Ветеринар мамандар дайын еттің таза әрі сапалы болуын қамтамасыз етуді қолға алмақ. Ол үшін қаланың 8 нүктесінен мал сою бекеттері қарастырылған.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Құрбан айт – мұсылман мерекесі. Бұл мейрамда құрбандық шалып, Аллаға мінәжәт ету – уәжіп амал. Айтты қазақылығы сақталған Шымкент жұрты да қуанышпен қарсы алып, құрбандық шалатыны белгілі. Бірақ осы азаматтардың санитарлық талапты сақтауына қадағалау жасалуы керек.

Алқалы мәжілісте алдымен малдың етінің дұрыс сақталуы айтылса, кейін оның мұқтаж жандарға таратылуы сөз болды. Мұқтаж, әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелеріне үлестірілетін зекет мал сою бекеттерінде таралмақ.

Ахметжан Керімбек – Шымкент қаласының наиб имамы:

Құрбандық шалу — тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Сондықтан ұлық мейрамда мамандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау – заңмен қадағаланатындығын ескертеді.

Пікір жазу