Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЗАҢСЫЗ ТЕМІРЖОЛ БИЛЕТІН САТУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮЙШЕГЕН

ЗАҢСЫЗ ТЕМІРЖОЛ БИЛЕТІН САТУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮЙШЕГЕН

Шымкент вокзалы маңында заңсыз әрекеттердің жолын кесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кіріскен. «Шымкент – адалдық алаңы» акциясы аясында 1 миллион теңге көлемінде айыппұл өндіріліп, жолаушы тасымалдау ісі біршама ретке келтірілген. Бұл туралы бүгін сала мамандары ақпараттық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингісінде мәлімдеді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Шымкент (телмір жол)  темір жол вокзалы арқылы – 27 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Жыл басынан бері осы маңда бірлескен топтың әрекетімен 101 азаматтың билетсіз жол жүргені анықталған. 541 тасымалдаушыға қатысты заңсыздық әшкереленіп, айыппұл салынған.

Теміржол қызметіне қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шілдеде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның негізгісі – билет дефицитін жою. Қазір мамандар осының алдын алу бойынша бірқатар нақты шараларды қолға алған.

Жыл басынан бері 18 заңды, 18 жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырылған. Олар вагондарды  сейфпен жабдықтамау, жабдықталған төсек-орын жиынтықтарының мерзімінің өтіп кетуі сынды олқылықтарға жол берген.

 Қазір «Қазақстан темір жолы» АҚ нақты ұсыныстар жолданған. Оның негізгісі – топтап билет сату жүйесін оңтайландыру. Жазғы маусымда жолаушы ағынының көптігіне байланысты қосымша вагондар қарастыру. Бұл-  ең алдымен жолаушыларға қолайлы жағдай туғызатыны сөссіз.

 

Пікір жазу