Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӘНІМЕН ӘР ЖҮРЕКТІ ӘЛДИЛЕГЕН

ӘНІМЕН ӘР ЖҮРЕКТІ ӘЛДИЛЕГЕН

Шымкентте танымал композитор, «Қазақ вальсінің королі» атанған Әнұранымыздың авторы Шәмші Қалдаяқовқа арналған еске алу концерті өтті. Кеште жарты ғасыр өтсе де өміршеңдігін жоймаған сағынышқа толы әсем әндері шырқалды. Сағындырыған Шәмші әндерін халық асқан сүйіспеншілікпен тыңдады.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә. материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

«Қазақ вальсінің королі» атанып кеткен ән ағаның жырлары жылдар өтсе де өзектілігін жоймай ұрпақтан ұрпаққа мұра боп келе жатыр. Шәмшінің әндері қашанда көңілге қуаныш, жүректерге толқу ұялатады. Компазитордың туған күніне орайластырылған кеш шымкенттіктерге бақыт құшағын сыйлады.

Бұл күні талант иесінің әндері  жанды дауыста орындалды. «Арыс жағасында», «Қайдасың», «Жайықтың толқындары» атты туындылары көрермендер мен бірге шырқалды. Шоқтығы биік композитордың қазақ өнеріндегі айшықты орны туралы пікірлер айтылып, көзін көргендер боямасыз образын суреттеп берді.

Бар қазаққа ән салдырған, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні, ұлы сазгердің өз  атындағы облыстық филармонияның жаңа маусымымен тура келді. Мұндағы әртістер қауымы қос қуанышты барынша жоғары деңгейде атап өтіп, халқымыздың біртуар ұлының шығармашылығы еш өлмейтінін дәріптеді.

 

Пікір жазу