Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте «Face to face» іс-шарасы өтті

Шымкентте «Face to face» іс-шарасы өтті

Шымкент қаласында «Jas Otan» жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясында Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сайханов Даурен Түсіпханұлы «Face to face» іс-шарасында Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ерекшелігі және оның ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі тақырыпта кездесу өтті.

Кездесу барысында жастарды қолдауға тұрғын үй беру, кәсібін ашуға қолайлы несие беру, ең маңыздысы жастардың құқығын қорғау мемлекет тарапынан бағдарламалар жасалынып отырғанын айтты.

Қолымызда барымыздың ең қымбаттысы — балалар, сондықтан да олардың өмірі қаншалықты қалыптасқандығы, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына байланысты еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды, олардың негізгі құқықтарын қорғау мәселелері – кез келген мемлекеттің басты көкейкесті қызметі болып табылады.

Кездесуге қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау етіп, пікір білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

Пікір жазу