Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ИЗРАИЛЬДІКТЕР ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

ИЗРАИЛЬДІКТЕР ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістанға іс-сапармен келген израильдік компания басшылары бірқатар шаруа қожалықтарымен танысты. Жергілікті шаруалардың тамшылатып суару әдісін қолдануы, шетелдік қонақтарды қуантты.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Биданның  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

1950 жылдан бері Израиль, ауыл шаруашылық мақсатындағы өзіндік ғылыми жетістіктерінің нәтижелерін экспорттау бойынша белсенді. Бүгінде Израилдік технологияларды Сенегал, Индия, Сальвадор, Қытай және Қазақстан сияқты дамушы елдер пайдаланады. Өйткені жаһандық дәуірдегі озық технология, мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Николас Контас —  «Rivulis» компаниясының коммерциялық директоры: Шақырғандарыңызға өте қуаныштымыз.  Бізді сіздердің мақта шаруашылықтарыңыздағы жетістіктеріңіз қуантады. Мақта өндіріснен  үлкен табыс алынатыны білеміз. Біздің жаңа технология арқылы,   сіздер егін көлемін ұлғайтуға мүмкіндік аласыздар.    

Тұран шаруа қожалығы тамшылатып суару әдісін бірнеше жылдан бері қолданады. Жыл сайын 300 гектар жерден, мол өнім жинап алынады. Өндірілген өнімдер, шет мемлекеттерге экспорталады.

Хабибола Азимов – «Тұран» шаруа қожалығының төрағасы: 2007 жылы тамшылатып суару әдсін алып келдік. Су жетпейтін жерден сол технологияны қолдана бастадық. Әр жылы 300 гектар жерге осы әдісті қолданамыз. 2012 жылы тамшылатып суару әдісін жақсылап қолдану керек. Көп өнім алуға болады.

Түркістан облысының суармалы жер көлемі 468 мың га құрайды. Бұл республикадағы үлесітің 33% көрсетеді. Алдағы уақытта біздің өңір еліміз бойынша көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі орталыққа айналмақ.

 

Пікір жазу