«Біз сандық мәдениетті қалыптастырудамыз». «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұйымдастыруымен осындай ұран аясында Town Hall өтті. Оған 300-ден астам қызметкер галстуксыз қатысып, еркін пікір алмасты.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Түркістан облысында мемлекеттік қызмет көрсететін 26 фронт-офис бар. Онда 18 – бөлім, 2-еуі — мамандандырылған, көші-қон қызметтер орталығы және 5 – бөлімше жұмыс істейді. Бүгінгі кездесу бейресми, есептік жиналыс емес, басшылық пен ұжымның бейресми жағдайда өтті.
ЕРЖАН ЖЕҢІСБЕКОВ — «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мемлекеттік корпорацияның басшылығы мен ұжымы арасындағы өзара іс-қимыл тек бұйрықтарда, өкімдерде, хаттамалық шешімдерде ғана құрыла алмайды. Күн сайынғы тынымсыз процесс басшыларға да, бағыныштыларға да компания қызметінің жалпы көрінісін көруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да біз осындай Таун холлдарды жарты жылда бір рет өткізу тәжірибесін енгізудеміз
Таун холл барысында, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері еркін форматта пікір алмасып, қазақстандықтардың уақытын үнемдеп, жеңілдету мақсатында инновациялық идеяларын ұсынды.
Халыққа қызмет көрсету орталығының күн сайын жұмыс сапасы артқан. Бір терезе қағидасымен қызметтің кез келген түрін алуға болады. Бұл өз кезегінде халықтың уақытын үнемдеп, шаруасының тез бітуіне мүмкіндік береді.