Қырық мыңнан астам тұрғыны бар Арыс қаласында 8409 жеке, 104 көп қабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде олардың дені қирап, бүлінген. Алайда, Арыс халқының басына түскен бұл нәубетті ел болып, жұмыла көтеріп жеңілдетуге тырысқан жұрт көп. Солардың бірі Сотүстіктегі ағайындар. Алыстан келген ағайындар қазір өздеріне берілген аумақта тыңғылықты тірліктер атқаруда.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі С.Жарылқасыноватың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Жарылыстың дүмпуі қаладағы үйлердің шатырларын жаппай жұлып кеткен. Осы себептен қазір зардап шеккен үйлердің шиферлары Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданының әкімідігі жауапты 13 секторда да толықтай ауыстырылуда. Сонымен қатар, жаппай сынған есік терезелері де бүтінделіп, қалпына келуде.
Айта кетейік, Арыстағы құрылысқа еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан 5 мыңдай құрылысшы, 180-нен астам мердігер тартылған. Құрылыстан жергілікті тұрғындар да қалыс қалмай, ақылы құрылыс жұмыстарына тартылуда.
Мұнда орналасқан штаб жұмысында да тыным жоқ. Олар тұрғындардан құжаттар қабылдау және гуманитарлық көмек көрсету, аумақты қоқыстан тазарту секілді іспен айналысуда.