Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР САНЫ АРТУДА

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР САНЫ АРТУДА

Маман тапшылығы жойылмай тұр. Ордабасы ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы биыл төрт мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бүгіннің өзінде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Ал, өз кәсібімді ашамын деушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Мәселен, Ордабасы ауданының тұрғыны Мейрамбек Тұрымбетов 2006 жылы тігін шеберханасын ашқан. 2009 жылы мемлекет тарапынан 3 млн теңгенің несиесін алып, тігін машиналарын сатып алған. Өткен жылы маман тапшылығы орын алуына байланысты жұмыспен қамту орталығына арнайы сұраныс жіберген. Нәтижесінде, 5 тігінші маманды жұмысқа қабылдаған. Олардың жалақысының 35 пайызын мемлекеттің өзі субсидиялап береді.   Бүгінде «Мейрамбек» тігін цехінің тіккен өнімдері сұранысқа ие.  Әсіресе, мерекелік және  ұлттық көйлектер мен мектеп формасына тапсырып берушілердің қатары қалың.

Мейрамбек Тұрымбетов – жеке кәсіпкер: -Алдағы жоспар бұданда үлкен қылып ашып, машикалардың санын көбейтіп, тағы тігіншілер алуымыз керек. Былайша битіп қабылдағаннан гөрі жұмыспен қамту бөлімінен оқуға жіберіп келіп оқып келген қыздардың жұмыстары жақсы болады

 

Пікір жазу