Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ШЫМКЕНТКЕ БЕКІТІЛГЕН 10-ШЫ СЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАДЫ

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ШЫМКЕНТКЕ БЕКІТІЛГЕН 10-ШЫ СЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАДЫ

Ерлан Айтаханов Арыс қаласындағы Шымкентке бекітілген 10-шы сектордың жұмыс қарқындылығын бақылады, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Арыс қаласын толық қалпына келтіруге және қаланың тұрақты тіршілігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.


Арыс қаласында жалпы үйлер саны 8 637, оның ішінде 7 166 тұрғын үй жөндеуді қажет етті. Қазіргі кезде жұмыстардың 97,4% аяқталды. 433 тұрғын үй қайта салынуда. Нысандарда 163 құрылыс компаниясы, 6 мыңнан аса жұмысшы мен 286 бірлік құрылыс техникасы тартылған.
Қаладағы шағын және орта бизнес нысандарын аралау кезінде Үкімет басшысына 536 кәсіпкерлік қызмет субъектісінен 509-ы қалпына келтіруді қажет ететіні туралы ақпарат берілді. Қазірдің өзінде 316 бизнес нысаны жұмыс істей бастады.

Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша Шымкент қаласына бекітілген 10-шы сектордағы құрылыс жұмыстары қала басшысы Ерлан Айтахановтың жіті бақылауында.

Әр апта сайын мегаполис әкімі Арыс қаласында болып, қалпына келтіру жұмыстарының қарқындылығы мен сапалы жүргізілуін қадағалауда. Бүгін зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.

Сонымен бірге, қала басшысы құрылысшылармен кездесіп, белгіленген мерзімде жұмысты аяқтау қажет екенін айтып, қарқынды күшейтуді тапсырды.

 

Пікір жазу