Соңғы технологиямен жабдықталған ІТ сынып Шымкенттегі оқушылар сарайында да бар. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өткен жылы 700 IT сынып ашылған еді. Енді олардың саны тағы біреуге артты. 2018 жылы билік партиясының бастамасымен 1000 тегін IT-класс ашу жобасы 8-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған.
Мақсат — оқушылардың ІТ технологияға қызығушылығын арттыру, қосымша секцияға баруға мүмкіндігі жоқтардың қалып қоймауын қадағалау еді. Сондай-ақ, химия-биология бағытында ғылыми зерттеулермен айналысуларына мүмкіндік береді. Ашылып жатқан IT сыныптар ағартушылықтың бір бағыты. Сонымен бірге техниктер санын арттыруға сеп болмақ. Түрлі бағдарламалардың тілін меңгеріп, ойындар мен анимациялық фильмдерді де жасауға болады.
— Ең соңғы технология енді осындағы оқушылар сарайындағы ІТ сынып болмақ. Мұны қолға алған «Нұр Отан» партиясы. Алдағы уақытта осында мықты ІТ саласының мамандары шығады деп сенеміз, — деді «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.