Журналистер қауымы шаһардың мәдени жерлерін аралап, өздеріне ақпарат жинады. Аталған ақпараттық тур «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Шетелдік журналистер арасында Қазақстанға бірнеше рет келгендері бар. Ал басым бөлігі Шымкентке алғаш келіп тұр. Жолдан келген шаршауын Арбаттағы кешкі серуен басқандай. Әріптестер өзара әсерлерімен бөлісті. Киян Ли — Global Times қытайлық газеттің тілшісі. Бұл Қытай үкіметінің көзқарасы бойынша халықаралық мәселелерге баса назар аударатын басылым.
KBS (Korean Broadcasting System) қоғамдық телерадиокомпаниясынан келген қос қызметкердің Шымкентке алғаш келуі. Олар Қазақстанға жасаған сапары жайында арнайы репортаж дайындап, өз мемлекетінде көрсететін болады.
Шетелдік қонақтар арасында Аустрия, Германия және Қытай, Италия мен Кореядан келген журналистер бар. Олар бұған дейін Түркістан қаласында болып тарихи жерлерді аралаған болатын. Жалпы, Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты халықаралық деңгейде жақсы бағаланады.
Бүгінгі шара «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Шымкент қаласы туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Ал, журналистердің ақпараттық туры кешкі қаланы аралаумен жалғасты.