Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Шымкент қаласының №1 клиникалық аурухана базасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді түсіндіру бойынша Штаб мәжілісі өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Б. Мамыталиев, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқармарма төрағасы Жұмағұлов Айбатыр, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдувалиев және медициналық ұйымдардың бірінші басшылары мен жергілікті билік өкілдері қатысты.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқармарма төрағасы А. Жұмағұлов Шымкент қаласындағы медициналық ұйым басшыларына тұрғындардың медициналық көмекпен қамтамасыз етуі мен қорға төленетін жарналар туралы түсіндірді.Сондай-ақ жиын барысында 2020 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінің жаңа үлгісі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті бойынша , «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы С. Беккужинов түсіндіріп берді.
Ал қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарының есебін қорытындылады.