Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: СТАНДАРТТАУ, САПА МЕНЕДЖМЕНТІ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТ: СТАНДАРТТАУ, САПА МЕНЕДЖМЕНТІ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТУДЕ

Шымкентте техникалық реттеу, метрология және сапа менеджементі саласында қызметкерлерді дайындау, біліктілігін арттыру бойынша 3 күндік семинар басталды, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Т.Қасымовтың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz».

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ұйымдастырған оқыту семинарында Шымкент қаласының және Түркістан облысының 100 маманы дәріс тыңдайды.

Семинар, негізінен, ҚР 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық реттеу саласындағы қызметкерлерді даярлау және арттыру мақсатында қолға алынған.
3 күндік оқу барысында «Стандарттау туралы» ҚР Заңы, ЕАЭО техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктері, минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы, Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесі, метрология саласындағы Заңнама жаңалықтары, т.б., тақырыптар төңірегінде дәріс оқылады.

Оқытушылардың қатарында өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы секторларының жетекші мамандары, ҚР Техникалық регламенттерінің әзірлеушілері және бағыттар бойынша білікті сарапшы-аудиторлар бар.
«ҚазСтИн» РМК Түркістан және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәкен Бейсеевтің айтуынша, кәсіпкерлердің бұл салада жылдан жылға біліктілігі артып келеді. Шымкент қаласының кәсіпкерлері де алдыңғы орындарды иеленеді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Фото: Серик Косаев

Пікір жазу