Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 5

Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 5

(Жалғасы )

Дегенмен, осындай жазбалардың өзінен-ақ бұл қылыштың Кенесарынікі екені айқындала берері сөзсіз. Бір қарағанда, бұл қылыш көп қылыштардың бірі сияқты көрінуі де ықтимал. Ал көңіл қойып, зерделеп қарасаңыз, қылыштың мән-маңызына көзіміз анық жете түседі. Сөз жоқ, бағалы зат. Хан Кененің қылышы болуымен де құнды.

Ең бастысы, елдігімізге, тәуелсіздігімізге қауіп төндірген отаршыларға қарсы кезенген қылыш. Арыстандай ақырған алып империяға қарсы сілтенген қылыш. Хан Кененің қолының табы, жауының қаны сіңген тарихи қылыш. Мән-маңызы да осында. Думан Әмірғалиұлы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі Хан Кененің қылышына осындай тарихи баға беріпті.

Қылыштан бөлек, музейдің көрме-сөресінде Хан Кененің өзінің және ұлы Сыдық сұлтанның суретінің фотокөшірмесі, Кенесары Қасымовтың Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы Г.Ф.Генске 1842 жылы 25-шілдеде төте жазумен өзінің мөрін басып жолдаған хатының фотокөшірмесі, Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс картасының фотокөшірмесі, Абылай ханның мөрімен расталған Уәли ханның хаты (көшірме), Абылай ханның мөрі (фотокөшірме) қойылған. «Бұлардың түпнұсқасы еш жерде сақталмаған», — дейді музей әдіскері Гаухар Қасымова.

 

(Соңы)

М.Кенжебай

Пікір жазу