Шымкентте «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды, деп жазады «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».
Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бағдарлама
Ел тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі – биліктің назарында. Осы ретте еліміздегі республикалық маңызы бар қала – Шымкентте баспана құрылысы қарқын алған.
Нақтырақ айтсақ, үшінші мегаполисте биыл 26 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл үйлерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы алуға болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көп қабатты үйлер желтоқсан айында беріледі. Үйлердегі пәтер саны – 1164.
Әрине, өткен жылы ғана миллионды шаһар атанған қала халқы күн санап өсуда. Осы орайда, «Бақытты отбасы» сияқты бағдарламалардың тұрғын үйге мұқтаж азаматтар қол жеткізі жатсака, нұр үстіне — нұр болары анық. Сол тұрғын үйге қол жеткізген әр шаңырақта сәби күлкісі сыңғырлап, қазаны қайнап жатса, нағыз бақытты отбасы болары анық.