Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымқалада биылғы жазда ауа темперетурасы жылдағы нормадан аспаған

Шымқалада биылғы жазда ауа темперетурасы жылдағы нормадан аспаған

Шымкентте жаз айларында жедел-құтқару жұмыстары жалғасын табуда, деп жазады «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің айтуынша, биылғы жазда ауа темперетурасы жылдағы нормадан аспаған. Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде мөлшер шамасында, ал оңтүстіктің басым бөлігінде, оңтүстік — шығыс және оңтүстік — батыста мөлшерден 1°С жоғары күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде мөлшерден көп, тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандарының кей жерлерінде мөлшерден аз болады деп болжануда.

– Шілде айында ауа темперетурасы қалада 41,60С немесе 420С болды. Соңғы ең ыстық деп тіркелгені – 1997 жылы сынап бағанасы 45 градусты көрсеткен. Ондай ыстық биыл болмады. Ауа ағымы батыс пен оңтүстік шығысқа ығыспай, 10-12 күндей қалыпты температура сақталды. Тамыз айында орташа ауа температурасы сақталады, — дейді инженер-синоптик Әсия Қыдырбаева.

Дегенмен, мамандар дабылды ескерту жолданғанын айтып, Түркістан облысының кей аудандарында күн 45 градусқа дейін ысуы мүмкін, — дейді.

Пікір жазу