Шымкент қаласында жергілікті кәсіпкерлердің біліктілігін артыруға арналған семинар басталды. Үш күн бойына 100 кәсіпкер өзекті тақырыптарды қамтитын дәріс-сабағын алады.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Семинар 3 мен 5 ші қыркүйек аралығында өтеді. 2015 жылдан бастау алған іс-шара биылғы жылы да бизнес өкілдерінің басын қосты. Бұл жолы мамандар техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында кәсіби деңгейін жетілдіреді. «Стандарттау туралы» заңнамасынан толық ақпарат алады.
Семинарды ұйымдастырушылар «Қазақстан стандарттау және сетификаттау институты» Шымкент қаласы бойынша филиалы, «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті де бұл жиынның кәсіпкерлер үшін пайдалы екендігін алға тартады.
Өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы жетекші мамандары оқуға келген жандарға толықтай мағлұмат беріп, жаңа бағыт көрсетеді. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.