Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА АКТИВІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА АКТИВІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТУДЕ

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиыны өтуде, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz».

Қала әкімінің төрағалығымен өтіп жатқан шараға әкімдік қызметкерлері, басқарма басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым және қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Жиынды қала әкімі Ерлан Айтаханов ашып, биылғы Жолдаудың ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынып отырғанына тоқталды.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық беру – біздің басты борышымыз. Шымкент келесі жылы ТМД-ның басты мәдени қаласы ретінде таңдалғаны белгілі. Мерейлі мерекенің жоғары дәрежеде өтуі үшін қазір дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы орайда Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін шымкенттіктер бар күш-жігерін қосатынына сенімдімін, — деді қала әкімі.

Пікір жазу