Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫНА АРНАЙЫ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚАТЫСУДА

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫНА АРНАЙЫ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚАТЫСУДА

Елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы жұмысын бастады.

Жиынға 44 мемлекеттен әлемге беделді халықаралық сыйлықтардың жүлдегерлері, Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары қатысуда. Шетелдік қаламгерлермен кездесуде қазақстандық жазушылар әлемдік әдеби үрдістерге қатысты біраз мәселелерді талқыламақ.

Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ бұл форум Азия аймағында орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайтумен қатар, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш етуге, әдеби үдерістің дамуына қатысты тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Қаламгерлердің халықаралық басқосуына Шымкент қаласынан Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент филиалының төрағасы, жазушы Шойбек Орынбай, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегерлері, белгілі жазушы Мархабат Байғұт пен айтулы ақын Ханбибі Есенқарақызы, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақын Бақытжан Алдияр қатысуда.

Форум жұмысы 3 күнге созылады. Бүгін шараның жалпы отырысы өтіп жатыр. Екі бөлімде 11 спикер баяндама оқиды. Ертең TED.9 форматында арнайы шара өтеді. Онда 10 спикер дәріс оқып, еркін форматта сұхбаттасады. Сондай-ақ, Абай көшесінің бойында «Қаламгерлер аллеясы» ашылады. Шара аясында Орталық Азия қаламгерлерінің кездесуі өтеді. Онда Ұлы Жібек жолы бойындағы әдебиеттің болашағы туралы айтылады. Форум аясында жас Азия қаламгерлерінің кездесуі де жоспарланған. ҚР Президенті әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауыман өтетін шара 4-6 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Форумға сонымен қатар Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, жазушылар одақтары мен қауымдастықтарының төрағаларынан құралған 90 қонақ келген.

 

Пікір жазу