Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары: ШЫМКЕНТТІК АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУГЕ ӘЗІР

Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары: ШЫМКЕНТТІК АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУГЕ ӘЗІР

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері алдағы кезеңдегі ел дамуының негізгі бағыттарын айқындаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауын зер сала тыңдап, үлкен қызығушылық танытты.

Қоғамдық келісім – Жолдауда жарияланғандай бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біз осы саладағы жұмыстарды жалғастырамыз. Саяси құжатта айтылғандай біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында! Сондықтан қалалық ассамблея елдігімізді танытар игі бастамаларды нәтижелі іске асыратын болады.
Президенттің Жолдауы жалпы қоғам үшін еліміздің алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын қоғамдық-саяси нұсқаулық болып табылады.
Саяси құжатта мемлекет тұрақтылығының негізі – сындарлы қоғамдық сұхбат құру жайы айтылды. Президент ұсын¬ған «құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сұра¬ныстарына жедел және тиімді жауап беруге, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог құруға негіз бола алады.

Осы орайда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесін халықпен тиімді кері байланыс орнықтыру алаңы ретінде қалыптастырамыз.
Жолдауда жүктелген міндеттерді табысты іске асыруда қалалық ассамблея жанындағы құрылымдардың қызмет тиімділігін арттырып, билік пен бұқара арасындағы кері байланыс жүйесін жандандырамыз.

Президенттің ұсынысымен 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Осы орайда қалалық ассамблея жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының әлеуетімен волонтерлық қозғалыс қалыптастырып, әлеуметтік әлжуаз топ өкілдеріне көмек көрсету бағытында жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Бір сөзбен айтқанда қалалық ассамблея мүшелері Жолдауында айқындалған мерейлі міндеттерді іске асыруға бір кісідей жұмылады деп сенім білдіремін.

Пікір жазу