Жемқорлық — індет, оның алдын алу азаматтық міндет. Себебі ол, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, ел қауіпсіздігіне қауіп төндіріп тұрған басты мәселе. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әрбір жолдауында осы індеттің алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындап отырды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұжымына «Нұр Отан» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының сарапшысы Жуанышбаев Алмас Қайратұлы «Адалдық жүрген жерде — адамдық жүреді» атты адалдық сағатын өткізді.
Кітапхана ұжымы жемқорлықпен қарсы күрес, оның алдына алу жолдары жайында сарапшыға сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алып жатты. Сондай-ақ, Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың тамырына балта шаппаса, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтып, бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күресуге шақырған болатын. Іс-шара соңында кітапхана ұжымы Президентіміздің бастамасын қолдап, бақытты болашағымызды айқындау үшін жемқорлықпен жұмыла күрес жүргізетінін айтты.