Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: Көші-қон саласындағы құжаттарды үйде отырып алуға болады

ШЫМКЕНТ: Көші-қон саласындағы құжаттарды үйде отырып алуға болады

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары назарына!
Азаматтарға арналған үкіметтің www.egov.kz, www.con.gov.kz, www.mvd.gov.kz сайттарында үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Атап айтсақ, www.egov.kz порталында көші-қон қызметі саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет түрін үйде отырып-ақ пайдалануға болады. Олар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
  • Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру;
  • Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  • Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару;
  • Қазақстан Республикасына уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу;
  • Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту;
  • Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза беру, қалпына келтіру және ұзарту;
  • Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттама беру. Айта кетейік, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпарат www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Сонымен қатар, қосымша мәліметті Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 сымтетігі арқылы алуға болады.

Пікір жазу