Бүгін Шымкент қаласы әкімі Е.Айтахановтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz.
Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы инфрақұрылым жүргізбей тұрғын үй салу дұрыс емес екенін айтты. «Бүгінде орын алып жатқан негізгі проблемалар осының салдарынан орын алуда. Бір-екі қызметкердің дұрыс емес шешімінің салдарынан бүкіл халық зардап шекпеуі тиіс» деді Ерлан Айтаханов.
Ал, екінші мәселе мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы баяндаған қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мулкеманов аталмыш жобаларды жоспарлау және іске асыру функциясы қаламыз республикалық қалалар санатына жатқызылуына байланысты берілгенін айтты.
Қала әкімі бұл мәселелер бойынша да жұмыла жұмыс істеу керегін қадап айтты. «Мәселен, мектеп құрылысын салуда тапсырыс беруші білім басқармасы болса да оның қай деңгейде салынып жатқанын құрылыс басқармасы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары назарда ұстау керек. Себебі, әр істің басында өз маманы тұрса ғана жемісті нәтиже болады» деді шаһар басшысы.
Жиынды қорытындылаған Е.Айтаханов тиісті сала басшыларына тұрғын үйлер мен мектептер салу мәселесінде бюджетке ауыртпалық салмай жеке инвесторлар тартуды жүктеді.