Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: МӘМС ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: МӘМС ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесін түсінірді.

Медицина өкілдері «Қырғы базар» аумағындағы саудагерлер мен таксистерге келер жылдан бастап медициналық көмекті қалай алу керегін түсіндіріп, сақтандыру қорына төлетін жарналар туралы айтып берді. Сондай-ақ, акция барысында мамандар хабарландыру жасап, ақпараттық-танымдық материалдар таратты.

Мамандардың қолдауымен №27, 84, 74, 35, 12, 126, 19 және 135 бағытттағы қоғамдық көліктердегі теледидарларда медициналық сақтандыру туралы бейнероликтер көрсетілуде.

Айта кетейік, медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыс сыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады.

Пікір жазу