Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН!..

ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН!..

Шымкентте «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының аудандық іріктеуі басталды. Qazaq Epos республикалық ағарту жобасы аясындағы байқау қалалық білім басқармасының оқушылар сарайында өтті, , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Қ.Нұрғабылдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Конкурстың алғашқы кезеңіне Еңбекші ауданы бойынша 34 мектептен 262 оқушы, 130 оқытушы тіркелген. Жыр жаттаушыларының додасына Қазақстан және Өзбекстан жазушылар одағының мүшесі Оразымбет Бөрібай, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері Карима Оралова, Шымкент қаласы бойынша Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, «Шымкент келбеті» газеті бас редакторының орынбасары Асхан Майлыбава, қалалық ата-аналар комитетінің төрағасы Әнуарбек Бейсе қазылық етуде.

Байқау шарты бойынша оқушылар 132 бет, 5206 жолдан тұратын Қобыланды батыр жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтуы тиіс. Айта кетейік, қалалық кезеңге эпосты толық жаттаған жеңімпаз ғана қатыса алады.

Нәтижесінде 1-орынды №100 мектептің оқушысы Ақзере Сапарбек, 2-орынды №37 мектептің шәкірті Тұрсынай Балтабай, ал 3-орынды №36 мектеп оқушысы Асель Абдикер жеңіп алып, қалалық кезеңге жолдама алды. Еске сала кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпазына 1 миллион теңге табысталады.

Пікір жазу