Шымкент қаласы əкімінің тапсырмасына сəйкес, бірінші кезекте қолға алынуы тиіс жұмыстар Əл-Фараби ауданында өз деңгейінде орындалуда. 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы аудан əкімі Ғабит Патшаханұлы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мəлімдеді, , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
— Оған дəлел ретінде Сайрам, Қазығұрт, Төлеби аудандарынан қала аумағына енген 276-орам, 195-орам, Текесу тұрғын алабының бүгінгі жағдайы, — дейді Əл-Фараби ауданының əкімі.
Ғ.Мəуленқұловтың айтуынша, 276-орамдағы 150 жеке үйге демеушілер есебінен сапалы электр жарығын жəне Текесу тұрғын алабына таза ауыз су жеткізу жұмыстарын ұйымдастырған. Сондай-ақ, Бадам елдімекеніне қарасты 195-орамға сапалы электр жарығын тарту үшін бюджеттен 253 млн теңге бөлініп, қазір жарықтандыру жүйелері мен электр бағандары орнатылуда.
Төле би көшесінің бойындағы аяқ жолды Қырғы базар аумағына дейін абаттандыру жұмыстарына байланысты қазір сол көшелердің бойы қоршалып, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Абаттандыру жұмыстары Тəуелсіздік күні мерекесіне дейін аяқталады.
Тағы бір маңызды дерек, Əл-Фараби ауданында өз бетінше иеленген 247 жер телімі анықталған. Зерделеу, түсіедіру жұмыстарының нəтижесінде, қазір оның 24-і заңдастырып, тағы 6 үйдің құжаты жер комиссиясына ұсынылған.