Шымкент қаласындағы № 7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдайдың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша №126 мектепте өрт-тактикалық сабағын өткізді.Сабақтың тактикалық тұрғысынан бастауыш оқу бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуының салдарынан өрт орын алады. Өрттің көрші бөлмелерге тарап кету қауіпі туындады. Дыбыстық құлақтандыру жүйесі іске қосылғаннан соң оқушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары басталды, алайда мектептің 2 оқушысы шыға алмай, дәлізде қалып қояды, біреуі есінен танып қалады.
Тез арада мектепке № 7 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жөнелтіледі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шартты өртті сөндіруге кіріседі, бір мезетте мектептің ішін барлау жасады, нәтижесінде екі зардап шегушіні тауып, құтқару жұмыстарын жүргізді. Көп ұзамай шартты өрт сөндірілді. Сабақ барысында өрт сөндірушілер нысанның шұғыл-тактикалық сипаттамасын зерделеп, жақын орналасқан гидранттарды және олардың жұмыс жағдайын тексере алды. Ал мектептің қызметкерлері өз кезегінде өрт сөндіру қызметін шақыру және қарсы алу тәртіптерін, ғимараттан адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру және электр жүйесін т.б. сөндіруді машықтады. Мұндай сабақтар кезекші қарауылдың бағытталған іс-әрекетке дайындығын тексеруге, шығу ауданының тактикалық ерекшеліктерін зерделеуге және жеке құрамның бірлесіп әрекет ету кезіндегі үйлесімділігін машықтауға мүмкіндік береді.
Б. Дарменов
№ 7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры