15 қазаннан бастап Шымкент қаласында «Жылыту» маусымдық профилактикалық операциясы өткізіледі. Оның шеңберінде тұрғын үй қорын, елді мекендерді, қазандықтарды және өзге де жылу шығаратын қондырғыларды, пештер мен жылыту құрылғыларын жылыту маусымына дайындық кезеңінде дайындауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.
Осыған байланысты Абай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары «Қаз Транс Газ Аймақ» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен бірлесіп, Абай ауданы аумағында орналасқан жеке меншік сектор үйлеріне барды. Қызметкерлер үй иелерімен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізді, газ жабдықтары, олардың дұрыс орнатылғандығы, қатты жылыту пештері тексерілді.
Сондай-ақ «жылыту» алдын алу операциясы барысында инспекторлар пеш және электрлік жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға себеп болатын өрттердің алдын алу үшін тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрттің алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылды.
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы