Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: «ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ» ЖАҢАРУДА

ШЫМКЕНТ: «ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ» ЖАҢАРУДА

Шымкенттегі ескі қалашық маңына сәулет жұмыстарының жүргізілуі – жергілікті тұрғындарды қуантып отыр. «Цитадель» жобасы – мегаполистің ТМД елдерінің мәдени астанасы жылы аясындағы жылт еткен жаңалығының бірі болмақ. Қазір осы орында құрылыс жұмыстары қызған.

Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Көне қалашық орнын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру үшін қазынадан биылға  502 млн теңге қаралған. Қазба жұмыстарынан кейін әдеби, тарихи  деректерге сүйене отырып ескі қорғанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тарихи нысан келесі жылы ел игілігне беріледі. Бұл Шымкенттің ТМД елдері мәдени астанасы мен көне шахардың 2200 жылдығына сәйкес келеді.Игілікке ел разы. Айтуларынша, адам аяқ алып жүре алмайтын орынның көркеюі – туристің әлеуетке оң әсер етеді. Әрі қаланың көркеюіне жол ашады.

Ерлан Нұртаза – Шымкент қаласының тұрғыны

Мынау енді бүгін демалыс күндері. Ал, жұмыс күндері бұдан да қиын болады. Адам аяқ алып жүре алмайды. Соны қолға алып жатыр. Әрине қуанамыз.

Нысан 2020 жылға өтпелі. Ескі қалашықты қалыпқа келтіру үшін 10-ға тарта кәсіпкерлік нысан мен 25 үй сүріледі. Бұл маңнан ескі қорған, «Цитадельмен» қатар ашық аспан астындағы мұражай салынады.

Пікір жазу