Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАЛАЛАР АСФАЛЬТҚА СУРЕТ САЛЫП ЖАРЫСТЫ

БАЛАЛАР АСФАЛЬТҚА СУРЕТ САЛЫП ЖАРЫСТЫ

«Автокөліксіз бір күн» Дәл осындай атаумен қаламызда арнайы акция ұйымдастырылды.Салауатты өмір салтын қалыптастыру ассоциациясы мұрындық болған шара аясында бастауыш сынып оқушылары асфалт бетіне сурет салып жарысты. Алғашқы тоқсаныды қорытып демалысқа шыққан балалар ой қиялына ерік берді. Қонаев гүлзары осылайша бүлдіршіндердіңі шат-шадыман күлкісімен тербелді.

Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Бала қиял, бала арман. Балғындар қолдарына түрлі түсті бор алып жол  бетіне түрлі суреттер салды. Күре жолдың үстіне өрнектелген туындылардың ішінде жаяу жүргінші сызығы, бағдаршам, гүлдер мен автокөліктер бейнесін кездестіруге болады.Бейбітшілік пен ана сөзі еріксіз көздің жауын алады. Елорда мен әсем қала Алматы және балалардың сүйікті қаласы |Шымкенттің шырайлы жерлері де салынған. Жас суретшілердің айтуынша әр туындының өзіндік мағынасы бар.Бұл акцияға қалалық полиция департаменті мен, мегаполистегі оқушылар сарайы қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар жолда орын алатын бала жарақаттарының алдын алу мақсатында жобаны қолға алған көрінеді.  Шымкенттің күре жолында ұйымдастырылған шара көлік жүргізушілерге бір-екі сағат қолайсыздық тудырғанмен 150-ге жуық балғынның көңілін шалқытып, қала тұрғындарына ой салды.

Шара барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері  балалармен би билеп асфальтта асыр салып ойнады. Түрлі байқауларда жұртшылыққа ой салуға бағытталған.  Балалардың қуанышына ата-аналарда мәз мейрам болды.

Бұл жоба еліміздің барлық қалаларында жүзеге асып жатыр. Басты мақсат күнделікті күйбең тірлікпен, балаларға назар аудармайтын жұмысбасты азаматтарға ой салу. Бала қиялына ерік беру,дейді шараны ұйымдастырушылар.

 

Пікір жазу