Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖАСТАР ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ

ЖАСТАР ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ

Шымкент қаласының Аймақтық әлеуметтік  -педагогикалық университетінде «QAZAQSTAN WITHOUT EXTREMISM!» республикалық акциясы өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған екі күндік оқыту семинарында медиатренер, блогер Яков Федоров, «Бізбен бірге» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы Уәлихан Тұрарбекұлы, дінтанушылар конгресінің сарапшысы Мейрам Иманбаев қатысты.

Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі М.Кенжебайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

– Біз тәуелсіздік алған жылдары дәстүрлі дінімізден қол үзіп қалдық. Ислам діні осы екен деп, шетелден келген барлық дін таратушыларды қарсы алдық. Әртүрлі ұйымдар пайда болды. 2000 жылдары діни ұйымдардың әрекетіне алаңдаушылық туындай бастады. Бірте — бірте әрқайсысының артында белгілі бір саяси топтардың мүдделері тұрғанын, дәстүрлі исламға кереғар келетін тұстары бар екенін түсіндік. Осы кезеңде мемлекет бұл мәселені нақты қолға алып, 2011 жылы арнайы заң қабылдады. 2012 жылы діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтті, — деді М.Иманбаев.

Яков Федоров өткізген «Әлеуметтік желілердің экстремизмге қарсы әрекет ету жұмысындағы әлеуметтік коммуникация мен ақпараттық алмасудың тиімді құралы ретіндегі рөлі» лекциясы аясында әлеуметтік желілердің психологиясы сөз болды. Медиатренер қоғамдық пікірді қалыптастыру немесе сананы манипуляциялау құралы ретінде жаңа медианы таныстырды. Сонымен қатар, радикалды көзқарастарға қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыс стратегиясы айтылды, Дәріс соңында Яков Федоров әлеуметтік желілер арқылы жастармен тікелей диалогты қалай құру керегін көрсетті.

Волонтерлік қызмет, волонтерлік қозғалысты құру алгоритмдері және Қазақстан Республикасында волонтерліктің заңнамалық базасының негізгі ұғымдары туралы спикер Уәлихан Тұрарбекұлы «Жастар экстремизмге қарсы» жастар волонтерлік бағдарламасының үлгісін құру» тақырыбы бойынша баяндады.

Пікір жазу