Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ТҮСІМІ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ТҮСІМІ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың брифинг барысында тағы бір тілге тиек еткені осы. Дәйектеп айтар болсақ, жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млн. теңге жиналған.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық. Бұл туралы  Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2019 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші пен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша өткен баспасөз брифингте мәлімдеді.

Брифингте Еңбекші ауданында индустриялық — инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша және жеке инвестиция негізінде «Оңтүстік» индустриалдық және «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақтарында 2 өндірістік кәсіпорындар ашылып, жалпы 80-нен астам жаңа жұмыс орындары іске қосылғаны мәлім болды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша ҚР-ның «Жарнама туралы» Заңына және аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарына сәйкес, есепті кезеңде 84 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, жалпы саны 508 заңсыз жарнама жойылған. Ал, аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғайып жатыр екен. Атап айтсақ, жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млрд. теңге жиналып, 2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда 29 %-ға артқан. Сонымен қатар, жиын барысында жылуменқамтамасыз ету мәселесі де қозғалып, аудандағы 528 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілгені белгілі болды.Одан бөлек, Еңбекші ауданында көгілдір отынмен (табиғи газ) қамтылмаған 1632 тұрғын үй бар. Қазіргі таңда 1632 үйдің 1256-і – 3941тонна көмірмен қамтылған.

Пікір жазу