Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте «Қызғалдақ – оңтүстік мұрасы» деп аталатын инсталляция орнатылды

Шымкентте «Қызғалдақ – оңтүстік мұрасы» деп аталатын инсталляция орнатылды

Шымкентте қызықты сәулет туындысы орнатылды.

Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі – 5 метр.
Шымкент қаласындағы дендросаябақта «Қызғалдақ – оңтүстік мұрасы» деп аталатын инсталляция орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл ақпарат Instagram желісіндегі visit_shymkent_kz парақшасында жарияланды. Аталған ақпаратқа сүйенсек, бір шоқ дала қызғалдақтарын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі 5 метрді құрайды. Сондай-ақ, инсталляция адам мен табиғаттың бірлігін, ал әсем гүлдер тарихи тұрғыдан қызғалдақтар алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңірінде пайда болғанын меңзейді.
«Қаланың жаңа әшекейлері туризм басқармасының тапсырысы бойынша орнатылды. Инсталляция авторлары – мүсінші, публицист, Қазақстан суретшілер Одағының Жамбыл филиалының төрағасы Айдархан Сихаев және мүсінші, атақты кино қоюшы-суретші Сергей Копылов», — делінген аталған жазбада.

Соңғы кездері Шымкент қаласында ұлттық нақыштағы сәулеттік композициялар қатары көптеп орнатылуда. Соның бірі — жоғарыда аталған композиция.  Алдағы уақытта да шымкенттік сәулетшілерден қызықты әрі құнды туындылар күтеміз.

Пікір жазу