Шымкентте «Дарынды жастар – ел болашағы» форумы басталды, , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Үшінші мегаполисте бизнес тренерлер мен қоғам қайраткерлері жастардың басын құрап, оларға өмірде өз жолын табуға бағдар беріп, тұлғалық қабілетін дамыту және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін тәжірибелерімен бөлісуде.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 120 студент-жас «Өңірлердегі жастарға ынталандыру жұмысын жүргізу үшін тәлімгерлер тобын оқытуды ұйымдастыру» атты семинарына қатысуға өтініш білдірген. Бүгінгі іс-шараға белгілі әнші-композитор Марат Омаров та менторлық жасап, өмірден түйгенімен бөлісуге арнайы келгенін айтады. Форумды «Жастар жылы» аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастыруда.
Оңтүстік өңіріне жауапты министрліктің өкілі Р. Бақтияров менторлық жұмыстың жастарға берері мол екенін айтты.
Сондай-ақ, «KAZBRANDS» қоғамдық қоры өңірлік жастар мәселелерін талдау мақсатында тың зерттеулерді ұйымдастыру үшін сарапшылар тобын құрып, соның қорытындысымен интерактивті карта әзірлеуді жоспарлап отыр.
Екі күнге жоспарланған форум аясында кездесулер мен семинарлар, түрлі тақырыптағы тренингтер мен спорттық жарыстар, концерттік бағдарламалар өткізіледі.