Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ЖУРНАЛИСТИКА – РЭКЕТ ЕМЕС!

ЖУРНАЛИСТИКА – РЭКЕТ ЕМЕС!

ботқабетЖурналистиканың қорқыту құралы ретінде түсінетіндер бүгінде қаптап кетті. Еріккеннің екінің бірі (мұрнына журналистиканың иісі бармаса да) газет ашып алып, ел-жұртты аралап, қорқытып-үркітіп, «нәпақа» жинауға кірісіп кеткенге ұқсайды. Қолдарына редакция куәлігін қысып алып, көпшіліктің сауатсыздығын пайдаланып жүрген бұл бейбақтарға ертелі-кеш тоқтам болар ма екен? Осындай солақай істің көшбасында жүрген Ботқабеттің тергеу орындарының назарына іліккені ешкімге сабақ болмай жүр ме? Ауық-ауық ана газеттің қызметкерлері, одан соң мына газеттің қызметкерлері келіп «қырып» кетті деген әңгімелер жиі-жиі белгі береді. Ойбай, Шымкенттегі он гүлінен бір гүлі ашылмаған 27-жасар ана бір қыз да, Мақтаралдағы немістің сыра сатқыш жиені де, сотталғаны бар, сотталмағаны бар – осы жолға түсіп кеткені белгілі болды. Барған мекемелердің басшыларына қайран қаламын – БАҚ атын жамылып, бопсалап келгендердің алдында дірілдей бергенше, 102-ге телефон шалса, болды емес пе?!.
Алаяқтардан сақ болайық, ағайын!
 
Ә.Ә.

Пікір жазу