Ағымдағы жылдың 9-16 қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік және көші-қон қызметінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қайыршылықпен айналысу фактілерінің жолын кесу және олардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында «Қайыршы» жедел — профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның 4 тәулік нәтижесінде қайыршылық жасаған 3 жасөспірім анықталды.
Ата — анасының бақылауынсыз жүрген 43 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 12 ата — анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
Қоғамдық орында тиісу, қайыршылық жасау және өзге де әрекеттер жасау арқылы мазалап өтініш білдірген 82 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан Республикасының халықтың көші — қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 46 шетел азаматтарына ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қабылдап — тарату орталығына 50 тұлға орналастырылды.
Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметі