Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БІР ЖЫЛ ТҰТ ЕККЕН КІСІ, МЫҢ ЖЫЛ ГАУҺАР ТЕРЕДІ…

БІР ЖЫЛ ТҰТ ЕККЕН КІСІ, МЫҢ ЖЫЛ ГАУҺАР ТЕРЕДІ…

Жағымды жаңалығымыздың басты кейіпкері Шымкент қаласының тұрғыны Умирбаев Дәуіржан Қайратұлы. 21 жаста. Ол — белсінді жастардың бірі бола білді.

Жиырма жылға жуық уақыт бұрын Өзбекстан Республикасынан атамекенге қоныс аударған. Биыл кәсіп бастау мақсатында Жұмыспен қамту орталығына келіп, бір айлық оқуға жолдама алған болатын. Оқуын тәмамдап, жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған 505 мың теңге Мемлекеттік грант конкурсына бизнес — жоспарын ұсынып, нәтижесінде грант иегері атанды. Қазіргі таңда Дәуіржан Қайратұлы Нұрсәт шағынауданынан лаваш орталығын ашып, кәсібін жүргізуде.

Бір қуантары, Дәуіржанның қызметіне сұраныс күннен күнге артып келеді. «Жастар жылында» кәсібін бастауды мақсат тұтып, мақсатын айқын орындап отыр.

Соңғы кездері бір айлық оқуға жолдама алып, білім грантына ие болып, кәсібін дөңгелетіп жатқан жерлестеріміз аз емес.

Дәуіржан Қайратұлы мен барлық жаңа кәсіп иелеріне еңбектеріңіз жанып, сәттілік серіктеріңіз болсын деп тілейміз!

Пікір жазу