Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Ұлттық теңге – мемлекеттің мақтанышы» тақырыбында өткен ақпараттық сағат

«Ұлттық теңге – мемлекеттің мақтанышы» тақырыбында өткен ақпараттық сағат

1993 жылы 15 қарашасында айналымға енген өз ақшамызға 26 жыл толады.
15 қараша – Қазақстан Республикасы ұлттық валюта күніне орай «Отырар» қалалық ғылыми — әмбебап кітапханасының Шет тілі әдебиеттері бөлімінде «Ұлттық теңге – мемлекеттің мақтанышы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.


Осы ширек ғасырда теңге өзінің кескін — келбетін өзгертіп, құны да сан рет құбылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихы баяндалып, кітапханашы оның маңызын түсіндіріп, ақшаның пайда болу тарихына тоқталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасы айналысқа енгені жайында слайд көрсетіліп, тақырып аясында кітап көрмесі жасақталды.

Сондай-ақ, оқырмандарға алғашқы қағаз купюралар, ақшалар, кейінгі шыққан банкноттар көрсетілді. Қатысушылар ұлттық валютамыздың сол кездегі сыртқы өзгерістеріне назар аударып, қазіргі ақшалардың белгілерімен салыстырды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды. Осылайша оқырмандар ақпараттық сағат барысында төл теңгеміздің тарихымен тереңірек танысты.

Пікір жазу