Созақ ауданында белгіленген кестеге сәйкес есептік жиын бүгін Қарағұр, Сызған ауыл округі мен Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Салыхан Сабырұлы алда атқарылатын жұмысқа тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Қарағұр ауылында өткен жылы көпшілік тарапынан Құрманғазы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіу ұсынысы түскен болатын. Бұл ұсыныс толықтай орындалды. Таукент халқы тұрғындар бірқатар өзекті мәселені қозғап, ұсыныстарын айтты. Былтырғы есеп беру жиынында айтылған Таукент кентіндегі Тойшыұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қ. Тоқпанбетов көшесіне асфальт және Жыныс ата елді көшесіне қиыршық тас төсеу ұсынысын орындау үшін жобалау сметалық құжаттар жасалып бюджеттік комиссияға ұсынылған.
Сызған ауылында тұрғындар тарапынан WI-FI-дың нүктесі көбейту ұсынысы айтылған болатын. Ағымдағы жылы 7 елді мекенге оптикалық талшықты кабель тартылып интернет желісінің жылдамдығы жоғарлайды. Құм жайылымындағы орман шаруашылығына қарайтын жергілікті майда мал, ірі қара малдарына салық көлемі қымбат екендігін айтып шаруалар ұсыныс білдірген.
Осыған байланысты тарифті қайта қарау жөніндегі мәселе бүгінгі күні толық шешімін таппай келеді. Алайда бұл мәселега байланысты тиісті басқармаларға хат жолданды. Бүгінде аудан әкімінің назарында. Аймақ басшысы өзінің қортынды сөзінде біздің ауданның әлеуттік даму жоспарына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар жасалатынын атап өтті.