Созақ ауданы әкімінің есептік жиыны Жуантөбе, Созақ, Қаратау ауыл округінде жалғасты. Аймақ басшысы Салыхан Сабырұлы Полатов жергілікті халыққа 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері жайлы есеп беру жиынын өткізді.
Аудан басшысы Салыхан Сабырұлы жергілікті халыққа 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы хабарлама жасап, биылғы жоспарлармен бөлісті. Тұрғындар тарапынан өткен жылғы есепте С. Сейфуллин жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өтсе деген өтініштерін жеткізген болатын. Бұл толықтай орындалып, мектеп жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Есептік жиын Созақ ауылы мәдениет үйінде жалғасты. Өткен жылғы есеп беру жиынында Созақ ауыл округіне қарасты Көктөбе елді мекені тұрғындары таза ауыз су қашан беріледі деген сауалдарын қойған болатын. Биылғы жылы ауыз су беру толықтай орындалды. Сондай-ақ, Созақ ауылындағы Өткелбаев және Мәтенбаев көшелерінде орналасқан жарықтандыру жүйлеріне мемлекеттік- жеке әріптестік тетігі арқылы жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, есептік жиын Қаратау ауыл округіндегі есептік жиында былтырғы жылы халық тарапынан қойылған жоғары жылдамтықтағы интернет желісін орналастыру ұсынысы 2020-2021 жылдары өз шешімін табады. Есептік жиналысқа аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме басшылары және кент тұрғындары қатысты.