Түркістан қаласының әкімі қалада орналасқан ғимараттарды аралау жұмыстарын жалғастыруда.
Шаһар басшысы Рашид Аюпов жауапты мамандармен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші, 2003 жылы «ЮНЕСКО-ның» дүниежүзілік «Мәдени мұра» тізіміне енген жауһардың Орта Азиядағы ең үлкен қазандық бөлмесінің күмбезіне шығып, реставрациялық жұмысын көрді. Бұрынғыдай ылғалдану да жоқ. «ЮНЕСКО» ұйғарымынша кірпіштері нық тұр және әлі де көптеген жылдар осы қалыпты сақтайды.
Айта кетейік, қайта жөндеу жұмыстарын «ҚазҚайтаЖаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізуде.
Рашид Абатұлы жүз адам қызмет ететін тарихи орындағы кіре-беріс заманауи құралдарды жаңалатуды қолға алатынын айтып, одан әрі жер асты су деңгейін өлшейтін құдықтарды қарады. Жалпы, су деңгейін инженерлер апта сайын өлшеп, жіті назарында ұстайды.