Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ — ОТАНҒА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ КЕРЕК

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ — ОТАНҒА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ КЕРЕК

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында біліктілігін арттыру курсынан өтіп жатқан басшы лауазымындағы қызметшілер арасында түсіндіру шарасын өткізді, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Іс шараның мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.

Оқыту барысында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.

Шара соңында тақырыптық бағыттағы бейнеролик көрсетілді және сұрақтарға жауаптар берілді.

Пікір жазу