Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙ: ЕРІКТІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ЖЕТІСАЙ: ЕРІКТІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауды қолдауда.
Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасы негізінде елді мекендердің тазалық жұмыстарының жандануы үшін барлық шараларды жүргізу міндеттелген.

Осыған орай Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының еріктілері қаланың тазалығына атсалысты. Қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар жиі шашылатын көшелерге сенбілік жұмыстары жүргізілді, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

«Кез-келген қаланың тазалық көрсеткiшi сол қала тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi. Өздеріңіз білетіндей, қала тұрғындарының жақсы тұрмысы үшін аудан басшысының бастамасымен игі істер атқарылуда. Көшелер кеңейтіліп, жарықтандырылуда. Арық-атыздар мен қашыртқылар тазаланып, көшет егу жұмыстары жүргізілуде. Мұның барлығы да біздер үшін. Сондықтан, барды қадірлей отырып, туған еліне құрметпен қарап, ел-жұртын жақсы көретін азаматтарды Жетісай қаласын көркейтуге, абаттандыруға, еліміздегі ең таза аймақтардың бірі болуына белсене атсалысуға шақырамыз» дейді Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Мұхтар Бейсенбаев.


Ия, өзін, отбасын сыйлайтын әрбір адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізуі тиіс. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі. Ауданның ерікті жастарының бұл ісі қоғамның назарын көше тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.
«Жетісай – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез-келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет» дейді шараға қатысушы жастар.
Айта кетуіміз керек негізінен тәрбие бар жерде ғана тазалық болады. Ал, тазалық болған жерде денсаулық, өмір, өсімнің болатынын ұмытпаған абзал.

 

 

Пікір жазу