Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы Абайды әлемге насихаттап, Абай мұрасына жаңаша қарау керектігін айтқан еді. Осыған орай, А.Гайдар атындағы жалпы орта мектебінде математика, физика және информатика апталығында «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында конференция өтті.
Жорабек Ұлбосын «Қазір білім мен ғылымның заманы, Хакім Абайдың ХХІ ғасырдан айтқан өсиеттерін біз ескеруіміз керек. Абай мұраларынан біздің аларымыз көп, ол бізге-рухани азық. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де, маңызын жоғалтпайды»,- деді. Байматов Бақжан Абайдың қара сөздері – әлем халықтарының ортақ қазынасы екенін айта кетіп, Абайдың отыз үшінші сөзін керемет әсермен жеткізе білді. Әрі қарай оқушылар физика – математика ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің математиканы насихаттаудағы және математик ғалымдарды қалыптастырудағы еңбектері туралы жалпы зиялы қауымға арналған «Білім және еңбек» журналының шығуына атсалысушылардың бірі болғандығы туралы айтып өтті. Абубакирова Айжан физика – математика ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі, Дүниежүзілік ғылым академиясының мүшесі Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтің өмірімен еңбектерімен таныстырды. Ол ұлы Абайдың өлеңдерін көп насихаттаған тұлға. Бұдан әрі Мұстапа Д, Анвар А, Қархабат Т, Мұратбек Д, Көпбосун Т, Бүрлібайқызы А. т.б оқушылар Абайдың қара сөздерін бірінен кейін бірі айтып, тыңдаушыларды тәнті етті. Қорытындылай келе, конференция соңында оқушылар мен мұғалімдер алған әсерлерімен бөлісіп,кері байланыс жасады.
Абай – шексіз әлем. Абайды дәріптеу арқылы, білім мен ғылымның түрлі салаларын дамытуға үлес қосарымыз сөзсіз.
Шайхслам ЕЛУБАЕВА, А.Гайдар атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.